Орталық сайлау комиссиясы аппаратының халықаралық-құқықтық бөлімінің бас консультанты
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Астана қаласы
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Президентінің, Президенті Әкімшілігінің, Ортсайлауком Төрағасының, Ортсайлауком Төрағасы орынбасарының, Ортсайлауком хатшысының, Ортсайлауком аппараты басшысының, Ортсайлауком аппараты бөлімі меңгерушісінің тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық және өзге де актілердің жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу. Өз құзыреті шегінде Ортсайлауком қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың сұрауларына/өтініштеріне жауаптар дайындау. Ортсайлаукомға келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының заңнамаға сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасындағы сайлау және республикалық референдум туралы нормативтік құқықтық және нормативтік актілерге ұсыныстарға құқықтық сараптама жүргізу. Ортсайлауком аппаратының бөлімдері дайындаған нормативтік құқықтық актілер мен өзге де актілер жобаларының заңнамаға сәйкестігін қарауды қамтамасыз ету. Ортсайлаукомның нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасындағы сайлау науқандары кезеңінде сот практикасын жинақтауды жүргізу. Сотта, сондай-ақ Ортсайлауком қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіппен Ортсайлаукомның мүдделерін білдіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Zoom арқылы қашықтықта
-
8(7172) 75-28-43