Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты электораттық оқытуды ұйымдастыру және талдау бөлімінің бас сарапшысы
Астана қаласы
- Математика
- Информатика
- Тарих
- Филология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік органдармен, білім және ғылым ұйымдарымен, бұқаралық ақпараттық құралдарымен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен электораттық оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да ұйымдастырушыларын оқытумен, сондай-ақ сайлаушылардың электораттық-құқықтық мәдениетін арттырумен байланысты іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету. Орталық сайлау комиссиясының басшылығы үшін электораттық оқыту тақырыбы бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау. Сайлау процесін ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды электораттық оқытуды жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Электораттық оқыту бойынша бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Электораттық оқыту бойынша ақпараттық, анықтамалық, оқу-әдістемелік және басқа да материалдарды әзірлеу. Сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесіне басқа да қатысушыларды қашықтықтан оқыту мен тестілеуді ұйымдастыру. Төмен тұрған сайлау комиссияларының электораттық оқыту мәселелері бойынша жұмысын үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ.. Бейбитшілік к, 4
-
8(7172) 75-28-43, факс: 8(7172) 39-01-45,