Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-1 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

824 323

Жалпы біліктілік талаптары

   В-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3 (басшылық лауазымдар), C-2, C-O-2, D-2 (басшылық лауазымдар), D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың департамент бастығының орынбасарынан немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Тарих
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

сайлау  процесіне қатысушыларды оқыту    бойынша бөлімінің   жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру; бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау; Ортсайлауком                           аппаратының   жылдық   жұмыс   жоспары   мен    есебінің жобасына ұсыныстар әзірлеу; Ортсайлаукомның отырыстары мен кеңестерінде қаралатын мәселелерді дайындауға қатысу; Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы және республикалық референдум туралы заңдарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жалпылауға қатысу; құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы сайлау және республикалық референдум туралы нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізу, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

электораттық оқытуды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін зерделеу нәтижелері бойынша талдамалық материалдарды дайындауды қамтамасыз ету; электораттық оқытуды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізеді, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты ұйымдастырады; төмен   тұрған   сайлау  комиссияларына   электораттық   оқыту   мәселелері бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру; сайлау             комиссияларының   мүшелерін  және   сайлау  процесіне   басқа   да қатысушылармен,     сондай-ақ     жас     және     болашақ     сайлаушыларды электораттық оқыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру; бөлім құзыретінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру.

 

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.04.2026 – 10.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.04.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қ. Бейбітшілік көш., 4

Анықтама алу үшін байланыс

75-26-39