ҚР ОСК аппаратының Цифрлық технологиялар бөлімінің бас консультанты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-4 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

   4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Автоматтандырылған ақпарат өңдеу және басқару жүйелері

Функционалды міндеттер

Электрондық сайлау жүйесін дамыту шеңберінде жобаларды іске асыруға қатысу;  сайлау жүйесінде цифрлық технологиялардың дамуын мониторингтеу және талдауды жүргізу, сондай-ақ оларды дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау;  сайлау процессіне цифрлық технологияларды енгізуге жәрдемдесу; төмен тұрған сайлау комиссияларына электрондық сайлау жүйесін пайдалану мәселелері бойынша әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру; сайлау саласында заманауи цифрлық технологияларды қолдану мәселелері бойынша сыртқы және ішкі сарапшыларды тарта отырып, тренингтер, семинарлар мен презентациялар ұйымдастыруға қатысу; цифрландыру және ақпараттандыру, оның ішінде электрондық сайлау жүйесін пайдалану саласындағы бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жаңа технологияларды, бағдарламалық өнімдерді және деректер базаларын енгізу бөлігінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; сайлау жүйесін ақпараттандыруды дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ортсайлауком аппаратының бөлімдерімен және «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі «ҚР ОСК ИТО» РМК) өзара іс-қимыл жасау; «ҚР ОСК ИТО» РМК-ға және аумақтық сайлау комиссияларына ақпараттық технологиялар мен жүйелерді енгізу және пайдалану мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету; бөлімнің құзыретіне кіретін электрондық сайлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.06.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.06.2025 – 04.07.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.07.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Бейбітшілік көш., 4

Анықтама алу үшін байланыс

8-71-72-75-21-12

8-7172-39-01-36