ҚР ОСК аппаратының БАҚ-пен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімінің бас консультанты
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Астана қаласы
В-4 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)
317 807
Жалпы біліктілік талаптары
В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Құқықтану
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Президентін, Парламенті депутаттарын және референдумды сайлау жөніндегі сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабардар етуді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге; бөлім құзіретінің шеңберінде Қазақстан Республикасында сайлаулар мен республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге қатысу; бөлімнің құзіреті мәселелері бойынша тиісті жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде Ортсайлаукомның бюджеттік өтініміне ұсыныстарды әзірлеу; Бөлім мен Ортсайлаукомның қыметін жоспарлау жұмысына қатысу, оның ішінде жұмыс жоспарын және басқа құжаттарды әзірлеу, олардың орындалуы бойынша есеп пен ақпаратты дайындау; Ортсайлауком қызметі және сайлау процесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар материалдарының мониторингін жүзеге асыруға; Ортсайлауком ақпараттық материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті; Ортсайлауком баспасөз конференцияларын, брифингтерін және басқа да ақпараттық іс-шараларын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етуге міндетті; тісті өкілетті мемлекеттік орандармен өзара іс-қимыл жасауға міндетті; Ортсайлаукомның ресми интернет-ресурсында төрағаның парағын уақтылы және сапалы ақпараттық толтыруды қамтамасыз етуге міндетті; Ортсайлаукомның ресми интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы бойынша нормативтік құқықтық актілерді, сайлауды тағайындау және өткізу туралы, өткен сайлаудағы дауыстарды санау нәтижелері туралы ақпаратты, БАҚ, онлайн-платформаны пайдаланушы ұсынған төлем мөлшері, сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін эфир мен баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді орналастыруды жүзеге асыруға; Ортсайлаукомның ресми интернет-ресурсын ақпараттық толықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.07.2025
- Астана қ., Бейбітшілік көш., 4
-
8-7172-75-21-03
8-7172-39-01-36