ҚР ОСК аппаратының Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-2 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

611 721

Жалпы біліктілік талаптары

   В-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-3, С-3, С-О-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Тарих
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мемлекеттік басқару

Функционалды міндеттер

Сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру, өңірлерде электораттық оқытуды үйлестіру, саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесінің басқа да қатысушыларымен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар ұйымдастыру; Ортсайлауком Төрағасын және мүшелерін олардың қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпараттық материалдармен бөлімнің құзыреті шегінде қамтамасыз ету; сайлау комиссияларының мүшелерін ҚР ОСК интернет-ресурсындағы «Қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесінде оқытуды және тестілеуді ұйымдастыру; сайлау процесіне қатысушыларды оқыту жөніндегі іс-шараларды, саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі семинарларды жоспарлауға, ұйымдастыруға және іске асыруға қатысу;  өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында сайлауды және республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге қатысу; бөлім құзыретінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру; жас сайлаушылардың электоралдық-құқықтық мәдениетін арттыру аясында, оның ішінде сайлауды байқау бойынша ЕҚЫҮ/ДИАҚБ есебінің қорытындылары бойынша, олардың арасында қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу; Төрағаның өңірлерде сайлау процесіне қатысушылармен кездесулерін ұйымдастыру; ҚР ОСК жанындағы Жас сайлаушылар клубының жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; электораттық оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық ерекшеліктерді әзірлеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.06.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.06.2025 – 04.07.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.07.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Бейбітшілік көш., 4

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-75-21-03 

8-7172-39-01-36