БАҚ-пен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімінің бас консультанты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-4 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

   4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Халықаралық журналистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың тіркелгені туралы, Қазақстан Республикасы бойынша тұтастай алғанда Президент пен Парламент депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарламалардың БАҚ-та жариялануын қамтамасыз ету; сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін эфир мен баспа алаңын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы БАҚ, онлайн-платформаны пайдаланушы ұсынған мәліметтерді комиссияның ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету; Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін олардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету; Орталық сайлау комиссиясының ресми хабарламаларын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруды қамтамасыз ету; Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттарын ұйымдастыруға, сондай-ақ олардың бұқаралық ақпарат құралдарында, брифингтер мен баспасөз конференцияларында сөйлеген сөздері үшін ақпарат дайындауға қатысу; Орталық сайлау комиссиясының баспасөз конференцияларын, брифингтерін және басқа да ақпараттық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Орталық сайлау комиссиясы төрағасы мен мүшелерінің сөз сөйлеулерін, сұхбаттарын, мақалаларын, түсініктемелерін іріктеуді жүзеге асыру; Ортсайлауком қызметі және сайлау процесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар материалдарының мониторингін жүзеге асыру; президенттікке кандидаттар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар үшін сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізуді қамтамасыз етуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.05.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.05.2025 – 05.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.06.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ.,Бейбітшілік көш., 4

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-75-21-03

8-7172-39-01-36