ҚР ОСК Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінң бас консультанты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-4 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

   В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

   4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Тарих
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Ортсайлауком қызметін жүзеге асыру үшін қажетті электораттық оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша анықтамалық және өзге де материалдар дайындауды қамтамасыз етуге; Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен және оның филиалдарымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот Төрелігі академиясымен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және мекемелермен, сондай-ақ сайлау процесіне қатысушылардың әртүрлі санаттарын электораттық оқыту мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге; электораттық оқыту бойынша әдістемелік, ақпараттық және басқа да материалдарды әзірлеуге; электораттық оқытуды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін зерделеуге, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға; электораттық оқытуды ұйымдастыру және жүргізу тәжірибесін зерделеу нәтижелері бойынша талдамалық материалдар дайындауға; бөлім құзыретінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру; заңнаманы жетілдіру және электораттық оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге; электораттық оқыту мәселелері бойынша төмен тұрған сайлау комиссияларына консультациялық және әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыруға қатысуға; жас және болашақ сайлаушыларды электораттық ағарту жөніндегі іс- шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысуға; Қазақстан Республикасының саяси партияларына, қоғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдарына электораттық оқыту мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қатысуға; электораттық оқыту мәселелері бойынша Ортсайлаукомның ақпараттық материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында және Ортсайлаукомның интернет-ресурсында уақтылы орналастыруды қамтамасыз етуге.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.05.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.05.2025 – 05.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.06.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ.,Бейбітшілік көш., 4

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-75-21-03

8-7172-39-01-36