ҚР ОСК аппаратының мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас консультант
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараты мен Үкімет Аппаратының лауазымдарын қоспағанда):
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес;
5) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысу; Ортсайлаукомда мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; құпиялылық белгісі бар құжаттардың уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру; құпия іс жүргізуді ұйымдастыру; Ортсайлауком мөрлері мен мөртабандарының сақталуына және пайдаланылу тәртібіне бақылауды жүзеге асыру; Ортсайлаукомның құпия жеткізушілеріне мемлекеттік құпияларға рұқсаттарды есепке алуды, ресімдеуді және қайта ресімдеуді жүргізу; құпия тасымалдаушылар Республикадан тыс жерлерге шыққан кезде құпиялылық режимі талаптарының сақталуын ұйымдастыруі; шет мемлекеттер өкілдерінің Ортсайлаукомға баруы кезінде құпиялылық режимін ұйымдастыру; ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; ақпараттық қауіпсіздіктің сыртқы аудитін ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асыру; ақпараттандыру объектілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; Ортсайлаукомның қорғалған абонеттік пунктінің жұмыс істеуін ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zh.nukusheva@election.gov.kz
- Астана қ., Бейбітшілік, 4
-
8-7172-75-28-43