ҚР ОСК аппаратының заң бөлімінің бас консультанты
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараты мен Үкімет Аппаратының лауазымдарын қоспағанда):
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес;
5) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
нормативтік құқықтық және өзге де актілердің жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
өз құзыреті шегінде Ортсайлауком қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың ұрауларына/өтініштеріне жауаптар дайындау; Ортсайлаукомға келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының заңнамаға сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу; Ортсайлаукомға келісуге келіп түсетін сайлау туралы және республикалық референдум туралы заңдарды, нормативтік құқықтық актілер жобаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарға құқықтық сараптама жүргізу; Ортсайлауком аппаратының бөлімдері дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге де актілердің жобаларын заңнамаға сәйкестігіне қарауды қамтамасыз ету; Ортсайлаукомның нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасындағы сайлау науқандары кезеңінде сот практикасын жинақтау; Ортсайлауком қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Ортсайлаукомның мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіруді қамтамасыз ету; cайлау заңнамасын және Қазақстан Республикасының референдум туралы біркелкі қолдану жөніндегі әдістемелік материалдар дайындауға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zh.nukusheva@election.gov.kz
- Астана қ., Бейбітшілік, 4
-
8-7172-75-28-43