«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 1. 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында шет мемлекеттердің байқаушылары 1-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
- 2. 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында халықаралық ұйымдардың байқаушылары 2-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
- Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы Төрағасының орынбасары М.Т. Ерманға жүктелсін.