2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдер туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысаны мен мәтіні бекітілсін.
  2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес дауыс беруге арналған бюллетеньдердің қорғалу дәрежесі (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
  3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес дайындалатын дауыс беруге арналған бюллетеньдердің саны белгіленсін.
  4. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының референдум комиссиялары дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындауды және референдум учаскелеріне белгіленген мерзімде жеткізуді қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі М.М. Бортникке жүктелсін.
Қаулы
Дата публикации
23 февраля 2026