Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 24, 25 және 26-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі БҰЙЫРАДЫ:
- Осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді «электрондық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисін іске асыру алгоритмі бекітілсін.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тиісті аумақтық референдум комиссияларымен бірлесіп, онлайн-сервиске қолжетімділік үшін дауыс беру учаскелерін және учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін айқындасын, 2026 жылғы 27 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясына тиісті мәліметтерді ұсынсын.
- Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, онлайн-сервисті іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдасын.
- Учаскелік референдум комиссияларының мүшелері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың дербес деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім алуды қамтамасыз етсін.
- Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау
Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министріне жүктелсін.
- Осы бірлескен қаулы мен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.