Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 288-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланған Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 қаулысымен бекітілген Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа және 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 24/217 қаулысымен бекітілген Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарға сәйкес референдум учаскелерiнде мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру құқығын іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қажеттi шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Л.К. Сүйіндікке жүктелсін.