«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және А.Д. Оразбаеваның міндетінен өз еркімен босату туралы 2025 жылғы 28 наурыздағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алтыншаш Доктарбекқызы Оразбаева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 5 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 5 округтік сайлау комиссиясына, Алматы қаласының мәслихатына және Алматы қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.