Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 6) тармақшаларына, 14-бабының 7) тармақшасына, 16-1-бабының  4) тармақшасына, 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
  2. Өңірлердің тиісті сайлау комиссиялары:

1) бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі бюллетеньдердің мәтіндерін бекітсін;

         2) сайлау бюллетеньдерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес тиісті округтегі сайлаушылардың жалпы санының бір проценті резервімен сайлау округіндегі сайлаушылардың  санына тең мөлшерде дайындауды қамтамасыз етсін;

3) сайлау бюллетеньдерін сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізуді қамтамасыз етсін.  

  1. Осы қаулы облыстардың, Астана және Шымкент қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Постановление
Дата публикации
27 марта 2025