«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Облыстың мәслихаты депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
- бұқаралық ақпарат құралдарында бағдарламамен баяндау – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;
- сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге;
- көліктік шығыстар - 100 000 (жүз мың) теңге.
- Осы қаулы Ақтөбе облысының сайлау комиссиясына жіберілсін.
- Ақтөбе облысының сайлау комиссиясы осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.