Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.А. Берденовтің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 2, 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы әкімінің «Р.А. Берденов туралы» 2025 жылғы 24 ақпандағы № 07-12/6к өкімінің қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Арысбекұлы Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
  2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.А. Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
Постановление
Дата публикации
25 февраля 2025