Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы
№ 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 26 қаңтардағы Беларусь Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.