Г.Ш. Танашеваның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтқаны туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 4 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігі Бюросының  2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 27 қаулысының негізінде Гаухар Шаймерденқызы Танашева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын.

Қаулы
Дата публикации
14 января 2025