Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 664 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты М.Ш. Қожаевты тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының                   24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің  «М.Ш. Қожаевты тағайындау туралы» 2024 жылғы 4 қазандағы № 664 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Марат Шәдетханұлы Қожаев тіркелсін.
  2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатына тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын. 
Постановление
Дата публикации
05 октября 2024