Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.С. Ерубаевты тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесі пленумының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі хаттамасынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Серік Сәрсенұлы Ерубаевқа берілсін.
  2. Серік Сәрсенұлы Ерубаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
  3. Серік Сәрсенұлы Ерубаевқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Дата публикации
02 октября 2024