«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында шет мемлекеттердің байқаушылары 1-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
2. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында халықаралық ұйымдардың байқаушылары 2-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
3. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.