«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24, 25 және 26-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі БҰЙЫРАДЫ:
- Осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда «электрондық үкімет» порталында азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексеру онлайн-сервисін (бұдан әрі – Онлайн-сервис) іске асыру алгоритмі бекітілсін.
- Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары облыстардың тиісті аумақтық референдум комиссияларымен бірлесіп, Онлайн-сервис жұмыс істейтін дауыс беруге арналған учаскелерді айқындасын.
- Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық референдум комиссиялары учаскелік референдум комиссияларының екі мүшесін айқындасын (қолданыстағы ЭЦҚ, мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефоны болуы, олардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруі тиіс) Онлайн-сервиске қолжетімділікті алу үшін 2024 жылғы 18 қыркүйекке дейінгі мерзімде тиісті мәліметтерді Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясына ұсынсын.
- Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2024 жылғы 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде осы бірлескен қаулының және бұйрықтың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген ақпаратты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсынсын.
- Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары учаскелік комиссияларды онлайн-сервистің жұмыс істеуі үшін тиісті жұмыс орнымен (принтері, жоғары жылдамдықты интернеті бар компьютерлік техника жиынтығы) қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, Онлайн-сервисті іске асыруын бойыншы барлық қажетті шараларды қабылдасын.
- Учаскелік референдум комиссияларының мүшелері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай азаматтардың дербес деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім алуды қамтамасыз етсін.
- Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы Төрағасының орынбасарына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
- Осы бірлескен қаулы мен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.