2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында халықаралық ұйымның байқаушылары 1-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
  2. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында шет мемлекеттердің байқаушылары 2-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
  3. Халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.
Қаулы
Дата публикации
16 сентября 2024