«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігінің және есептен шығару куәлігін алуға өтініштің мәтіні осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
- Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады деп айқындалсын.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.