Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 288-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланған Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 қаулысымен бекітілген Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес референдум учаскелерiнде мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру құқықтарын іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі А.Г. Щегорцоваға жүктелсін.