«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Республикалық референдумды өткізу жөніндегі құжаттардың қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
- республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімі (1-қосымша);
- республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны туралы хабарламасы (2-қосымша);
- шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның байқаушысының куәлігі (3-қосымша);
- учаскені ашу туралы учаскелік референдум комиссиясының хаттамасы (4-қосымша);
- дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік референдум комиссиясының хаттамасы (5-қосымша);
- дауыс беру нәтижелері туралы аумақтық референдум комиссиясының хаттамасы (6-қосымша);
- облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының референдум комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасы (7-қосымша);
- Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасы (8-қосымша);
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.