«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы    16-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңесінің құрамына»:

Айманақұмов Азамат Максотұлы – Атырау облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы; 

Баклажанская Татьяна Ивановна – «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша);

Жаңабілова Әсел Болатқазықызы – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы (келісім бойынша);

Омарбекова Жанат Ануарбекқызы – «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) енгізілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

каз Постановление о внесении изменений ЭС август 2024
Дата публикации
03 сентября 2024