«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 32/484 қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.