«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 22 шілдедегі № 42 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Қазбек Ербасарұлы Аппазов тағайындалсын.
2. Осы қаулы Астана қаласының мәслихаты мен Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.