Г.К. Ақжолованы Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы  6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Г.К. Ақжолованың міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2024 жылғы 10 маусымдағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Гүлнәр Кеңесәлиқызы Ақжолова Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Астана қаласының мәслихатына және Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін. 

Дата публикации
24 июня 2024