«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Т. Кудеринаның міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2024 жылғы 26 сәуірдегі өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұрсын Кудерина Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 4 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 4 округтік сайлау комиссиясына, Алматы қаласының мәслихатына және Алматы қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.