Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 3 және № 4 округтік сайлау комиссияларының мүшелері міндеттерінен Б.С. Нұркееваны, М.М. Қалимолдинді босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Б.С. Нұркееваның, М.М. Қалимолдиннің міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2024 жылғы 30 сәуірдегі өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Баян Сағынтайқызы Нұркеева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 3 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Марат Мәутенұлы Қалимолдин Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 4 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 3 және № 4 округтік сайлау комиссияларына, Алматы қаласының мәслихатына және Алматы қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.

4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

Дата публикации
14 мая 2024