2024 жылғы 15-17 наурыздағы Ресей Федерациясы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2024 жылғы 15-17 наурыздағы Ресей Федерациясы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
31 марта 2024