Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі №1 және №2 округтік сайлау комиссияларының мүшелері міндеттерінен А.Ж. Жолмағанбетованы, Г.Д. Қалиеваны, А.Ә. Шабаевты босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және А.Ж. Жолмағанбетованың, Г.Д. Қалиеваның, А.Ә. Шабаевтың міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2024 жылғы 6 наурыздағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Гүлнұр Досанқызы Қалиева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі №1 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Айсара Жандарбекқызы Жолмағанбетова, Айдар Әлибекұлы Шабаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі №2 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі №1 және №2 округтік сайлау комиссияларына, Астана қаласының мәслихатына және Астана қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.

4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

Дата публикации
31 марта 2024