Кейбір аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 Жарлығының және «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 432 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасында:

1) Алматы облысы Алатау қаласының аумақтық сайлау комиссиясы;

2) Абай облысы Мақаншы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы;

3) Абай облысы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы;

4) Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданының аумақтық сайлау комиссиясы;

5) Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құрылсын.

2. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
29 марта 2024