Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 25 ақпандағы Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасының сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.