К.Қ. Советті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 5 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және К.Қ. Советтің міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Көркемай Қайсарқызы Совет Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 5 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 5 округтік сайлау комиссиясына, Алматы қаласының мәслихатына және Алматы қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
31 января 2024