«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 6) тармақшаларына, 14-бабының 7) тармақшасына, 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
2. Тиісті өңірлердің сайлау комиссиялары:
1) бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі бюллетеньдердің мәтіндерін бекітсін;
2) сайлау бюллетеньдерін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тиісті округтегі сайлаушылардың жалпы санының бір проценті резервімен сайлау округіндегі сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындауды қамтамасыз етсін;
3) сайлау бюллетеньдерін сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы облыстық, Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.