Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1) және 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1. Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін (бұдан әрі – әкім) пилоттық режимде сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:

 

1) әкімдікке кандидаттың өтініші мен өмірбаян деректері (1-қосымша);

 

2) әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы (2-қосымша);

 

3) әкімдікке кандидатты қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағы (3-қосымша);

 

4) әкімдікке кандидаттың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы (4-қосымша);

 

5) әкімдікке кандидаттың сенім білдірген адамының куәлігі (5-қосымша);

 

6) әкімдікке кандидатты қолдайтын қолдарды тексеру нәтижелері туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы (6-қосымша);

 

7) әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы (7-қосымша);

 

8) Қазақстан Республикасы ауданының, облыстық маңызы бар қаласының әкімдігіне кандидаттың куәлігі (8-қосымша);

 

9) әкімді сайлау бойынша сайлаушылардың тізімі (9-қосымша);

 

10) дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін пайдалану туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (10-қосымша);

 

11) дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін пайдалануды есепке алу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы (11-қосымша);

 

12) сайлау учаскесін ашу туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (12-қосымша);

 

13) әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (13-қосымша);

 

14) әкімді сайлау жөніндегі қорытындыларды белгілеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы (14-қосымша);

 

15) сайланған әкімді тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімі (15-қосымша);

 

16) сайланған әкімнің куәлігі (16-қосымша);

 

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Дата публикации
27 сентября 2023