Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы сайлауды тағайындау және Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарларын әзірлеу кезінде басшылыққа алу үшін облыстық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Дата публикации
27 сентября 2023