Ә.Е. Тұрғымбековті Түркістан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Ә.Е. Тұрғымбековтің міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 17 тамыздағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Әуелхан Елтайұлы Тұрғымбеков Түркістан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Түркістан облыстық мәслихаты мен Түркістан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
22 августа 2023