Д.С. Абдумомунованы Павлодар облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Д.С. Абдумомунованы міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 13 маусымдағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Дина Серікқызы Абдумомунова Павлодар облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Павлодар облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
01 июля 2023