Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылғы 9 шілдедегі Өзбекстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.