2023 жылғы 2 маусымға тағайындалған шығып қалған депутаттың орнына Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламентін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2023 жылғы 2 маусымға тағайындалған шығып  қалған депутаттың орнына Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламенті бекітілсін.  

2. Осы қаулы сайлауды дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету үшін
Солтүстік Қазақстан аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін. 

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсында жариялансын.

Дата публикации
25 мая 2023