2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына жекелеген кандидаттарды әкімшілік жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына жекелеген кандидаттардың сайлау туралы заңнаманы бұзғаны туралы 2023 жылғы 22 ақпанда енгізген № 2-010300-23-15527 ұсынымының және № 2-010300-23-15600 ұсынымының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына енгізген ұсынымындарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына жекелеген кандидаттарды әкімшілік жауаптылыққа тартуға Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына келісім берілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

Дата публикации
10 мая 2023