«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/174 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулыға № 2 қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.