Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 13) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, 4-тармағына және 83-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2023 жылғы 2 маусымға тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 2 маусымға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

 3. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын. 

Дата публикации
26 апреля 2023