Е.Ж. Қарабалаевты Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Е.Ж. Қарабалаевтың міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 18 сәуірдегі өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ерлан Жағыпбарұлы Қарабалаев Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Қызылорда облыстық мәслихатына және Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
21 апреля 2023